Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды

444

Smiley face

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

«Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын!» – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласының «Көкқайнар» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Smiley face

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық кластер орталығында орналасқан 4 технологиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен  бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Инновациялық кластердің жұмысына 284 ұйым біріктірілген.  Олардың қатарында 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қарасты 166  компания, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар.

Мемлекет басшысы «Tech Garden» орталығының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.


Көзі: Yunews.kz