Ақтауда мас жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып, басқа көлікке соғылған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда мас жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып, басқа көлікке соғылған

444

Smiley face

Ақтау қаласының 23 шағын ауданында туризм колледжі аумағында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Lexus LX 570» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жігіт пен қызды қағып кетіп, содан кейін жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

«Зардап шеккен қызды куәгерлер Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жеткізді. Кейін «Жедел жәрдем» дәрігерлері зардап шеккен ер адамды екінші автокөліктен жеткізді. Ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, сол жақ санының жабық сынығы мен бас миының шайқалуы диагнозы қойылды»,-деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кейін оқиға орнында полицейлер «Lexus LX 570» жүргізушісі мас күйінде болғанын анықтады. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.

«Апатқа кінәлі адамға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (көлік құралын жүргізушінің мас күйде басқаруынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғу)», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік кодекске сәйкес, апатқа кінәлі ер адам бес жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.


Көзі: Yunews.kz