Алматыда бұрынғы прокурор мен полиция қызметкері сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда бұрынғы прокурор мен полиция қызметкері сотталды

444

Smiley face

Тергеу болжамы бойынша, 2015 жылы бұрынғы бас прокурордың аға көмекшісі Құралбек Рахметов және Алматы қаласының Алмалы аудандық ІІБ бұрынғы аға тергеушісі Михаил Решетов 30-дан астам адамды заңсыз жауапкершілікке тартқан. Олардың Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментінің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаевтың ісі бойынша ондаған адамға қылмыстық іс қозғап, жазықсыз жауапқа тартқаны белгілі болді. 2016 жылы қылмыс құрамының болмауына байланысты бұл іс жабылды. Ал 2017 жылдың тамыз айында Рахметов пен Решетовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Экс-прокурор ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 (азаптау), 274 (көрінеу жалған ақпарат тарату), 362 (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 412 (көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту), 414 (көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе күзетпен ұстау), 415 (айғақ беруге мәжбүрлеу), 416 (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп күдіктенген. Ал бұрынғы полицейге  ҚР Қылмыстық Кодексінің 274, 362, 412 баптары бойынша іс қозғалды.

Алмалы аудандық соты Құралбек Рахметовты бір эпизод бойынша кінәсіз деп және басқаларын кінәлі деп тануға қаулы етті. Оны мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырып, орташа қауіпсіз мекемеде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Михаил Решетов сондай-ақ айыптаудың бір тармағы бойынша кінәсіз деп танылды және басқалары бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 1 жыл 6 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның тергеу изоляторында өткізген уақытын ескере отырып, жазасы өтелді деп есептеледі. Сотталушы майор атағынан айырылды.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан сот шығындарын өндіріп алуға қаулы етті: Рахметовтен — 749 025 теңге, Решетовтан — 147 803 теңге. Үкімге шағымдану үшін процеске қатысушыларда 15 күн бар. 


Көзі: Yunews.kz