Нұр-Сұлтан қаласында миллиард долларға туристік аудан салынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласында миллиард долларға туристік аудан салынады

444

Smiley face

Көпфункционалды туристік аудан алдағы 5-6 жылда Қазақстанның астанасында салынады. Құны миллиард доллар болатын жоба туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен «EllingtonPropertiesDevelopment LLC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томастың кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар елорданың жаңа көрікті аумағы болатын туристік ауданның құрылысын талқылады.

Жаңа кварталдың құрылысы үшін жеке инвестициялар тарту жоспарланған. Жоба авторларының ойынша, туристік кварталда демалыс үшін барлығы - ойын-сауық және сауда орталықтары, қонақ үйлер және басқа да туризм объектілері болады. Квартал жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады.

Құрылыс үшін 1 млрд доллар, яғни шамамен 387,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Әкімдіктің сайтына хабарлағандай, квартал таяудағы 5-6 жылда салынады.

Жаңа нысанның құрылысымен айналысатын «EllingtonPropertiesDevelopment LLC» компаниясы осындай салада үлкен тәжірибесі бар: кәсіпорын. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлік құрылысы саласында көшбасшы компания болып саналады.


Көзі: Yunews.kz