Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қорынан қаражат ала алады ма? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қорынан қаражат ала алады ма?

444

Smiley face

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ақмади Сарбасов Үкімет отырысында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға кім пайдалана алады деген сұраққа түсініктеме берді.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан зейнетақы заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын еске салды. Оның аясында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

Алайда, оның айтуынша, бүгінгі таңда ешқандай шешім қабылданған жоқ. Барлық ұсынылған нұсқаларды мұқият қарастыру қажет. Ақмади Сарбасов дайын нұсқа ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданатынын айтты.

«Жұмыс тобының жұмысы жалғасуда. Алдағы айда келісілген нұсқалар болады, содан кейін оны ұсынатын боламыз», - деп түйіндеді вице-министр.

Еске саламыз, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алу мүмкіндігін зерделеуді тапсырған болатын.

Бұған дейін мұндай ұсыныстарды түрлі сарапшылар бірнеше рет айтты.


Көзі: Yunews.kz