Президент Қ.К. Тоқаев Алматыда БЦП науқасы бар балаларды оңалту орталығында болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Президент Қ.К. Тоқаев Алматыда БЦП науқасы бар балаларды оңалту орталығында болды

444

Smiley face

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында «Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы» ҚБ БЦП науқасы бар балаларға арналған қарқынды оңалту орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту кабинеттерін аралап, қызметкерлермен әңгімелесті.

Президентке бала мүгедектігінің алдын алуға, БЦП науқасы бар балаларды көп деңгейлі оңалтуға және жан-жақты әлеуметтендіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.

Мемлекет басшысы бұл жобаны бүкіл республика бойынша кеңейту қажет деп мәлімдеді. Ол мұндай мекемелерді МЖӘ тетіктері мен демеушілік қаражат арқылы құру қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа арнайы шағын автобус сыйлады.


Көзі: Yunews.kz