«Иванушки» тобының әншісі Олег Яковлевтің өлімінің себебі белгілі болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Иванушки» тобының әншісі Олег Яковлевтің өлімінің себебі белгілі болды

444

Smiley face

«Иванушки International» тобының солисті Олег Яковлев қайтыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұған оның сүйіктісі Александра Куцевол себепкер болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Келіншектің айтуынша, әнші жүрек талмасынан қайтыс болар алдында олар өз қарым-қатынасын неке қиюымен бекіткен. Алайда, оны Сербияда жасаған. Әйел туыстарына неке туралы куәлікті көрсетті, алайда жақындары ол қағазды қолдан жасалған деп санайды.

«Иванушки» тобының қайтыс болған әншісінің туысқандарының пікірінше  неке куәлігін жасатуға марқұмның соңында қалған мұра себеп болған. Әншінің жылжымайтын мүлкінің жалпы құны 200 млн рубльге немесе 1,2 млрд теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, оның артында антикварлық жиһаз және қымбат суреттер қалды.

Осының бәрі, марқұмның өсиетіне сәйкес, Яковлевтің жақын досы Роман Радов пен немере жиен қарындасы Татьяна Яковлеваның арасында бөлісті.

«Иванушканың» марқұм әншісі Олег Яковлевтің сүйіктісі болған келіншек бұл шешіммен келіспей отыр. Сондықтан да әншінің байлығына үміткер болуға құқығы бар екенін барлық тәсілдермен дәлелдеуге тырысуда.

«Тікелей эфир» бағдарламасының эфирі кезінде Куцевол Олег Яковлев комада болған сәтте дәрігерлерге өзін оның әйелі ретінде таныстырған. Дәрігерлер одан әрі не істеу керектігін сұрағанда, ол оны ИВЛ аппаратынан ажыратуға нұсқау берген.


Көзі: Yunews.kz