Семейлік спортшы қыз джиу-джитсу бойынша Еуропа біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейлік спортшы қыз джиу-джитсу бойынша Еуропа біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды

444

Smiley face

Семейден келген Дильназ Құмарова Крит аралының Ираклион қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу бойынша Еуропа біріншілігінде алтын медаль иегері атанды. Тағы бір семейлік спортшы Әлихан Ахметжанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Жас спортшыларды Семей әуежайында нағыз батыр ретінде қарсы алды. Жас спортшылар тұрақты табанды жаттығулар мен жеңіске деген ұмтылыс нәтиже бергенін айтты.  Айта кетейік, Дильназ түрлі чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Smiley face

«Бұл жарыста әлсіз қарсылас болған жоқ, оған әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысты», деді ол.

Қалалық ақпараттық орталықта бразилиялық джиу-джитсу клубын Семей қаласында үш жыл бұрын кәсіпкер Айдос Серікқалиұлы ашқанын хабарлады.  Балаларға клубта тегін айналысуға мүмкіндік берілді. Оған қатысу үшін басты шарт – «жақсы» және «өте жақсы» оқу. Тоқсан қорытындысы бойынша ең үздіктер құрама қатарыны алынып, чемпионаттарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Көзі: Yunews.kz