«737 MAX» ұшағы ең қауіпсіз деп танылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«737 MAX» ұшағы ең қауіпсіз деп танылды

444

Smiley face

«Boeing» компаниясының  Президенті және бас директоры Деннис Мюленбург «737 MAX» ұшағы  бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық жетілдірулерінен кейін әлемдегі ең қауіпсіз ұшақтардың бірі болады деп уәде берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Компанияның сайтында жарияланған Мюленбургтің  АҚШ Конгресінде  дайындалған сөзіне сәйкес«Boeing» компаниясы « 737 MAX» ұшағының ұшуын басқарудың бағдарламалық қамтамасыз етуіне айтарлықтай өзгерістер енгізген.

«Біз бұл үшін барлық күш-жігерімізді жұмсадық. «737 MAX» ұшағын жетілдіру кешенді және мұқият сыналған болуы үшін барлық қажетті ресурстарды бөлдік. «737 MAX» ең қауіпсіз ұшақтардың бірі болады»,-деді Мюленбург.

«Boeing» компаниясы  «737 MAX» ұшағын  жақсартуларын әзірлеуге 100 мыңнан астам сағат жұмсап, жаңартылған бағдарламалық қамтамасыз етумен 814 тестілік ұшу өткізді.

2018 жылдың 29 қазанында Джакартадан Суматраға жақын аралдардың біріне ұшып шыққан Индонезиялық «LionAir» бюджеттік авиакомпаниясының «Boeing 737 Max 8» ұшағы Батыс Явада әуеге көтерілгеннен кейін 13 минуттан соң құлап кетті. Индонезиялық апаттың құрбаны 189 адам болды. 2019 жылдың наурыз айында «EthiopianAirlines» әуе компаниясының бортында 157 адам болған ұшағы Эфиопияның  Дэбрэйт қаласының маңында апатқа ұшырады.

Апаттың салдарынан 20-ға жуық ел осы модельдің ұшақтарының ұшуы үшін өз аумағын жауып, көптеген авиакомпаниялар «Boeing 737 Max 8» ұшағын пайдалануды тоқтатты. АҚШ-та Федералдық авиациялық басқару осы модельді пайдалануға тыйым салды. Оқиға себептерін тексеру барысында маневр жасауды түзету жүйесінің (MCAS) жұмысында ықтимал қателер анықталды. «Boeing» компаниясы осы кемшіліктерді жойып, ұшқыштарды оқыту бағдарламасын жаңартты. 


Көзі: Yunews.kz