Шорт-тректен Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

444

Smiley face

1 қарашада Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталады. Қазақстандық спортшылар бұл турнирге қатысады, деп хабарлайды РИА Новости ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Команданың бас бапкері Мадығали Қарсыбеков алдағы тур туралы өз ойымен бөлісті. «Өткен маусымда біз визамен байланысты АҚШ-тағы Әлем кубогының кезеңдеріне қатыса алмадық. Биылғы жылы біз виза алып, маусымды Солт-Лейктегі жарыстан бастаймыз. Осыдан кейін біз Канадаға, Жапонияға және Қытайға барамыз. Сондай-ақ, командаға өткен маусымда жарақат алуына байланысты қатыспаған Абзал Иғалиев қосылады», - деді ол.

Айта кету керек, Әлем кубогының екінші кезеңі Монреальда (Канада) өтеді.


Көзі: Yunews.kz