Шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған оқ-дәрілер, бал, кептірілген марихуананың жолын кесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған оқ-дәрілер, бал, кептірілген марихуананың жолын кесті

444

Smiley face
 
Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының «ШЫХО» шекаралық бақылау өткізу бөлімінде Қазақстан Респуликасынан ШЫХО-на «Тойота Прадо» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1973 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Көлігін тексеру кезінде табылған 7,62 калибрлік аң аулауға арналған қарудың  патрондары ұстауға себеп болды. Айғақ заттар Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Зайсан шекара жасағының «Майқапшағай» шекаралық бақылау өткізу пунктінде Қазақстан Респуликасынан ҚХР-ға жаяу 46 кг араның балын заңсыз алып өтпек болған 1986 жылғы туған Қазақстан азаматы ұсталды. «Майқапшағай» кедендік бекетінің санитарлық бақылау қызметкерлеріне тапсырылды.

Сарыағаш шекара жасағының «Жібек жолы» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу келе жатқан 1993 жылғы туған Өзбекстан азаматын қызметтік иттің көмегімен тексеру кезінде шалбарының қалтасынан пакеттегі кептірілген марихуана табылды. Түркістан облыстық ЭТД уәкілетті қызметкеріне тапсырылды.


Көзі: Yunews.kz