Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау фактісін анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау фактісін анықтады

444

Smiley face
 
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша жеке мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселесін талдау барысында «Дарын ББ» балабақшасының басшылығы ай сайынғы субсидияларды алу үшін балалардың жалған деректері мен тізімдіктерін бергені анықталды.

Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде балабақша басшылығы 3,6 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Қала прокуратурасының ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша, сот үкімі «Дарын ББ» балабақшасының басшыларын 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеді.


Көзі: Yunews.kz