Павлодарлықтың гаражынан полицейлер 2 мың литр спирт тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарлықтың гаражынан полицейлер 2 мың литр спирт тәркіледі

444

Smiley face

Фото Павлодар қ. ДП

Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Хабаровская көшесіндегі әкімшілік учаскеде 26 жастағы павлодарлықтың гаражынан өзгеше иісі бар түссіз сұйықтық құйылған сыйымдылығы 5 литр, 0,5 литр пластмасса бөтелкелер және сыйымдылығы 20 литр пластмасса канистрлер тапты, деп хабарлайды Павлодар қаласы ПД баспасөз қызметі.

Smiley face

Фото Павлодар қ. ДП

Тексеру барысында полицейлер аталған сұйықтықтың 2 000 литрін, оның ішінде: сыйымдылығы 0,5 литр 95 орама, сыйымдылығы 5 литр 155 бөтелке, сыйымдылығы 20 литр 10 канистр тәркіледі. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz