Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды

444

Smiley face

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтановтың Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арасындағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойылды.

ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо Қазақстанды 12-ші министрлік конференциясының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, біздің еліміз өткізетін халықаралық сауда саласындағы жаһандық іс-шараға дайындық шеңберінде ДСҰ-ның тығыз ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Министр Сұлтанов ДСҰ-ның алдағы Министрлік конференциясының ықтимал субстантивтік қорытындыларын талқылау мақсатында ДСҰ-ға мүше елдердің негізгі Елшілерімен кездесті. Кездесу барысында ол бүгінгі көпжақты сауда жүйесі протекционизм және бір жақты сауда шаралары түріндегі теңдессіз сын-қатерлерге тап болатынын атап өтті. Осыған байланысты Министр маңызды шешімдер қабылдау мақсатында 2020 жылы Нұрсұлтан қаласында ДСҰ-ға ағымдағы сын-қатерлер мен қажеттіліктерге толық сәйкес келуге мүмкіндік беретін белсенді бірлескен жұмысқа шақырды.

ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібіндегі негізгі келіссөз бағыттары ДСҰ-ны реформалау мәселелері, қызметтерді реттеу, инвестициялар мен электрондық саудаға жәрдемдесу саласындағы жаңа жаһандық ережелер, сондай-ақ балық аулау субсидиялары бойынша келіссөздер болады деп күтілуде.

Қазақстан ДСҰ-ны реформалау идеясының жақтаушысы болып табылады және реформалар ДСҰ-ға мүше барлық елдер үшін халықаралық сауданың бірыңғай бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етуі тиіс деген ұстанымды ұстанады.


Көзі: Yunews.kz