2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық органымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық органымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді

444

Smiley face

Мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолдары ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясын жойылуы, бірнеше уәкілетті органдарда қайталануын болдырмауына мүмкіндік береді (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті).

Бұл ретте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық органымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді. Осыған орай салық төлеушілерге  2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны  Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну арқылы ауыстыруға болатынын мәлімдейді.


Көзі: Yunews.kz