2019 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 6 трлн теңгеден астам салық түсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2019 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 6 трлн теңгеден астам салық түсті

444

Smiley face
Фото arnapress.kz
 
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен 2019 жылдың 9 айындағы мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қорытындысына арналған алқа отырысында мәлім болды.

Алқа жұмысына ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев қатысты.

Мемлекеттік бюджетке 6 301,2 млрд.теңге жоспар кезінде 125,3 млрд.теңгеге асыра орындала отырып, іс жүзінде 6 426,5 млрд.теңге түсті, оның ішінде:

- Республикалық бюджетке жоспардағы 4 675,1 млрд.теңге болғанда 22,3 млрд.теңгеге асыра орындала отырып, 4 697,5 млрд.теңге түсті;

- Жергілікті бюджетке 1 626,0 млрд.теңге жоспармен 103,0 млрд.теңгеге асыра орындалып, 1 729,0 млрд.теңге түсті.

Ағымдағы жылдың 9 айында камералдық бақылау нәтижелері бойынша 94 млрд.теңге өндірілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексеру бойынша анықталған бұзушылықтар саны 8,8 мың адамды құрады.

Бірқатар заңбұзушылықтарды Акцизделетін өнімдерді сату саласында мемлекеттік кіріс органдары анықтаған.  2019 жылдың 9 айында алкоголь өнімі айналымынан 5 306 мың литр заңсыз алкоголь өнімі анықталды.

Мұнай өнімдерінің айналымы саласында 275 745 мың теңгеге 2 190 тонна заңсыз мұнай өнімдері анықталды. Олар бойынша айыппұл сомасы 24 315 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ айналымнан заңсыз әкелінген 937 368,4 мың теңге сомасына 2 343,4 мың дана темекі тәркіленді.


Көзі: Yunews.kz