Адлан Асқаров U-23 жастар арасындағы күрес чемпионатында «күміс» жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Адлан Асқаров U-23 жастар арасындағы күрес чемпионатында «күміс» жеңіп алды

444

Smiley face

Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Адлан Асқаров дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалда Асқаров Кубадан келген спортшы Рейнери Ортегке 0: 10 есебімен жол берді. Осы салмақтағы санатта Алиреза Сарлак (Иран) және Афган Хашалов (Әзірбайжан) қола жүлдегер атанды. Әлемдік біріншіліктің қола медалі үшін күресте 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Серік Батырханов Украина өкілі Данил Стасюктен жеңіліп қалды.

Екінші жарыс күнінде Қазақстан атынан келген Дәулет Тәжібай (61 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Дәулетқазы Есқали (86 келі), Шамиль Магомадов (92 келі), Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) турнир финалына жете алмады.

Бүгін 61 кг, 74 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде қола медаль үшін жекпе-жек өтеді.


Көзі: Yunews.kz