«Союзмультфильм» және Wizart компанияларының жетекші ресейлік аниматорлары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Союзмультфильм» және Wizart компанияларының жетекші ресейлік аниматорлары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

444

Smiley face

Ресейдегі мультипликация саласының ең ірі екі компаниялары – «Союзмультфильм» киностудиясы және Wizart компаниясы Қазақстанның анимация өндірісімен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Осы мақсатта, сәрсенбі күні, 30 қазанда ресейлік қонақтар қазақстандық әріптестерімен бірнеше кездесулер өткізбек, деп хабарлайды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ баспасөз қызметі. 

Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік орталығының тікелей қолдауымен «Союзмультфильм» киностудиясының директоры Борис Машковцев және Wizart компаниясның бас продюсері Юрий Москвиннің қатысуымен келіссөздер, шеберлік сағаттар мен тәжірибие алмасуға бағытталған кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ Ресейдің мультипликаторлары Т.К.Жүргенов атыдағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына баратын болады.

Ресейлік мультипликаторлар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басшылығымен алдын ала кездесуде оларды қызықтыратын бірнеше мәселелерді атап айтты. Қоғалатын өзекті сауалдар – Қазақстандағы фильмдер өндірісінің мемлекет тарапынан қолдауы, анимациялық фильмдер өндірісінің детальдері, жеке компаниялар өкілдерімен танысу, олармен бірлескен жобаларды өндіру мүмкіндігін талқылау, сонымен қатар Қазақстандағы анимация саласындағы білім беру жүйесі деңгейін анықтау.

АНЫҚТАМА:

«Союзмультфильм» — Ресейдегі мультипликациялық фильмдерді өндіретін мемлекеттік киностудия (1936 жылы негізі қаланған). Анимациялық фильмдер шығаратын ең ірі киностудия осы уақыт аралығында әр түрлі жанрдағы және көркем техникалары пайдаланылған 1500-нан астам мультфильмдерді жарыққа шығарды. Оның көбі әлемдік анимация классикасының алтын қорына кірген туындылар.

WizartAnimation – Воронежде 2007 жылы негізі қаланған Ресейлік мультипликациялық студия. Мультимедиялық өнім мен бағдарламамен қамтамасыз етуді дамыту және оқшаулаумен айналысатын компанияның негізінде құрылған. Бүгінгі күні аталған студияда Ресейдің бірнеше қалаларынан, ТМД және шет елден келген 270-нан астам мамандар жұмыс істейді.


Көзі: Yunews.kz