Көлеңкелі бизнес - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көлеңкелі бизнес

444

Smiley face

"Буханка", "Синяя гора" және "Хлебная" деген атауы бар ресейлік ішімдік сусындары  қазір салық қызметкерлерінің қоймасына жеткізілді. Бұған дейін олар жергілікті дүкендердің сөрелерінде тұрған болатын. Алайда, жоспардан тыс тексеру қырық градусты алкоголь өнімінің заңсыз және көлеңкелі айналымында екенін көрсетті. Атап айтқанда, тауарға ілеспе құжаттар, лицензиялар және басқа да қағаздар болған жоқ.

Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 8 мыңнан астам алкоголь өнімі тәркіленді. Олардың жалпы құны 4,2 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ, бұзушылыққа жол берген салық төлеушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, ол процесуалдық  шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.


Көзі: Yunews.kz