Қазақстанда 2019 жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 2019 жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласында арнайы комиссияның отырысы өтті, онда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық конкурсының финалына шыққан 14 жоба анықталды.

Биыл конкурсқа қатысуға 224 өтінім келіп түсті,оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды. Алпыс шақты жобаны қарап шыққан комиссия мүшелері «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінің қатысушыларын анықтады. Олардың ішінде Алматы қ. 4 жоба, Жамбыл облысынан 2 жоба, Шымкент қ., Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1 жоба.

Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ және БАҚ басшылары, сондай-ақ әлеуметтік сала ардагерлері кірді. Биылғы жылы жобалар «Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету», «Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту», «Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» және «Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету» 5 бағыт бойынша бағаланды.

«Комиссия мүшелері мұқтаж азаматтарға волонтерлік көмек көрсетуге, мүгедектігі бар адамдарды жаңа дағдыларға үйретуге және мүгедек балалардың ата-аналарына күтім жасауға бағытталған жобаларды ерекше атап өтті. Сонымен қатар осы жылы өте қызықты экологиялық жоба ұсынылды. Іріктелген 14 жобаның әрқайсысын бүкіл ел бойынша іске асыруға енгізуге болады деп сеніммен айта аламыз. Жыл сайын бұл конкурс үлкен танымалдыққа ие болып, қатысушылардың саны өсіп келеді. Мұнда мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істейтін ҮЕҰ үлкен рөл атқарады. Ең бастысы мүгедектігі бар адамдардың өздері белсенді өмір сүріп қана қоймай, қиын өмірлік жағдайға тап болған басқа адамдарға көмектесу үшін жұмыс істейді», – деді комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Тамара Дүйсенова.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында, «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінен кейін өтеді.

Конкурсқа қатысуға 2013 жылдан 2019 жылға дейін 1 192 өтінім келіп түскенін, оның ішінде 228 әлеуметтік жоба өңірлік деңгейде және 19 республикалық деңгейде жеңімпаз деп танылғанын атап өткен жөн.


Көзі: Yunews.kz