Алматылық мемқызметшілердің қайсысында салықтар бойынша борыш көп? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматылық мемқызметшілердің қайсысында салықтар бойынша борыш көп?

444

Smiley face

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті меншікке салынатын салықты төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізіп,  борышкерлер тізімінде 635 мемлекеттік органдардың  қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар екенін анықтады. Және салықтық міндеттемелеріне ең немқұрайлы қарайтындар полицейлер мен әскери қызметшілер болып шықты.

Атап айтқанда, ішкі істер органдарының 289 қызметкері меншік салығы бойынша 5,9 млн теңге қарыз. Әскери бөлімдердің 218 қызметкері мемлекетке 3 млн теңге берешек. Ал қаржы құрылымында істейтін 67 қызметкердің (банктер) қарызы жалпы 1,6 млн теңгені құрайды. Борышкерлер тізімінде басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Барлығы 61 жеке тұлға 925 847 теңге салық төлемеген. Оның ішінде әкімдіктерде қызмет атқаратын 35 азамат 630 389 теңге қарыз.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен мемлекеттік қызметшілердің тұрғылықты мекенжайы және жұмыс орындарына пайда болған берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді», - деп хабарлайды Алматы қ. МКД.

 Сондай-ақ ведомствода, меншік салығын төлеу мерзімі 1 қазан күні аяқталғанын еске салады. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына 2019 жылы салынатын салық 31 желтоқсанға дейін төленуі қажет. Салық уақтылы төленбеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.


Көзі: Yunews.kz