Шымкент қаласында дәмханада атыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкент қаласында дәмханада атыс болды

444

Smiley face

Шымкент қ. полициясының баспасөз қызметі кеше кешке дәмханада болған атысқа қатысты түсініктеме берді.

"2019 жылдың 29 қазанында Шымкент қаласының ДП 102 пультіне белгісіз тұлғалар Арғынбеков көшесіндегі дәмхананың біріне кіріп, бірнеше рет оқ атқаны туралы хабарлама келді. Бір адам оқиға орнында қайтыс болып, түрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам медициналық мекемелерге жатқызылды. Оқиға болған жерді тексеру барысында қылмыс құралдары табылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде: ҚР ҚК 99-б. 2 б. 1 т. (Кісі өлтіру) және 287 б. 4 б. (Заңсыз қару сатып алу)", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары қабылдануда. Прокуратура мен полиция департаментінің басшылығы істі тергеу барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Көзі: Yunews.kz