БҚО Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БҚО Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

444

Smiley face

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің және орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 млн. 960 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, БҚО Полиция департаментінің Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
 


Көзі: Yunews.kz