Семей онкологтары тұрғындарды емшілердің қызметінен бас тартуға шақырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей онкологтары тұрғындарды емшілердің қызметінен бас тартуға шақырады

444

Smiley face

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы 

Семей қаласының онколог-дәрігерлері аймақ тұрғындарының емшілер мен тәуіптерге жиі жүгінуіне алаңдаулы.

"Обыр - шөптер және тұнбалармен емделмейді, жағдай керісінше нашарлайды. Емшілерге кететін пациенттер бізге ауруы асқынған күйде келеді. Тіпті әлеуметтік желілерде оқуға болады, онда кеудедегі ауырсынуды баса алатын әжені қайдан табу керектігін айтуды да сұрайды. Біздің түсінбейтініміз, адамдар неге оларға сенеді?  Бұл тұрғыда халықтың емшілерге сенбей, дәрігерлерге жүгінгенін қалаймын", - деді брифинг барысында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының мамандандырылған медициналық бақылау бөлімінің меңгерушісі Әсел Әбілшенова.

Smiley face

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы 

Өз кезегінде, ЯМжО цифрландыру және мониторинг қызметінің басшысы Нұргүл Аждарова 26 қазанда Семей қаласында "Ашық есік күні" өткізілгенін атап өтті, ол аймақ тұрғындарының сүт безі ауруларын анықтауға арналды. Қабылдау кезінде маммолог мамандар  449 патология анықтады, оның ішінде 9 сүт безі обырына, 140 қатерсіз ісіктерге және 300 сүт безінің басқа да ауруларына күдік туындады.

2018 жылы Семей өңірінде осы аурудан 53 әйел қайтыс болған.


Көзі: Yunews.kz