Депутаттар "Күнделік" жүйесін қолдануды тоқтатуды сұрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Депутаттар "Күнделік" жүйесін қолдануды тоқтатуды сұрады

444

Smiley face

Бүгін Парламент депутаты Кеңес Абсатиров Премьер-министр Асқар Маминге "Ақ жол" фракциясынан депутаттық сауал жолдап, онда партия мүшелеріне «Күнделік» жүйесіне көп шағым түсетінін айтты.

Өйткені, қазақстандық мектептердің барлығы Интернетке қол жеткізе алмайды, сондықтан ауыл мұғалімдері аудан орталықтарына баруға, немесе қалалардағы туысқандарынан көмек сұрауға мәжбүр. Қала мектептерінің педагогтары да бұл жүйенің жұмысына риза емес: пайдаланушылардың көп санына есептелмеген сайт үнемі іркіліспен істейді, сол себепті олар электрондық журналдарды пайдаланушылардың белсенділігі төмендеген кезде, яғни түнде толтыруға мәжбүр болады.

"Күнделікке" балалардың ата-аналары да шағымданады, өйткені олар балаларының бағасын тексеру үшін жүйеге кіре алмайды.

"Жүгіну саны 500-ден асқан бетте жүйенің жұмысы тоқтайды - "сұраныстар шегі асып кетті" деген жазу пайда болады. Ал біздің елде 2 млн 800 мыңнан астам оқушы бар. Егер "Күнделік" тәулік бойы жақсы жұмыс істесе де оған әр минут сайын 2 мыңға жуық пайдаланушы кіреді — яғни қазіргі мүмкіндіктерде бұл жүйе тіпті теориялық тұрғыдан толыққанды жұмыс істей алмайды", – делінген сауалда.

Кеңес Абсатиров, сондай-ақ, "Күнделік" сайты күмәнді қызметтерді жарнамалау үшін пайдаланылатынына назар аударды. Мысалы, 20 қазанда емтихан тапсыру туралы христиан дұғасының, Библияның, иконалар және басқа да діни атрибуттар жарнамасы орналастырылған. Бүгін сайтта түрмеге және ТИЗО-ға тауарларды жеткізу жарнамасы пайда болды.

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы педагогтар мен ата-аналардың ой-пікірлеріне құлақ салып, еліміздің барлық мектептерін Интернетке кең жолақты қол жеткізумен толық қамтығанға дейін "Күнделік" жүйесін міндетті түрде пайдалануды тоқтата тұруды ұсынады. Бұдан басқа, үздіксіз жұмыс істеуін және автоматты қорғауды қамтамасыз ете отырып, осы кезеңде жүйенің өзін жетілдіру қажет.


Көзі: Yunews.kz