Өскемен тұрғыны тауыққа арналған азықты ұрлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен тұрғыны тауыққа арналған азықты ұрлап кетті

444

Smiley face

Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының 29 жасар тұрғыны қолға түсті. Ол саяжай алқабының аумағына кіріп, жасырын түрде тауыққа арналған азығы бар 32 қапты ұрлап кеткен.

«Күдікті кінәсін мойындады. Шығын көлемі 280 мың теңгеден асады», деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полицияда атап өткендей, ұсталған ұрының іс-әрекеттерінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 тармағы бойынша «Ұрлық»  қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктіге тауықтардың жем азығы не үшін қажет болғанын анықтап жатыр.


Көзі: Yunews.kz