Астрахань қорығындағы өрт салдарынан Маңғыстау облысын түтін басты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Астрахань қорығындағы өрт салдарынан Маңғыстау облысын түтін басты

444

Smiley face

Ақтау және Маңғыстау облысының қала маңы аудандарының тұрғындары өрт түтінің қолқа қабар ащы иісін қатты сезінді. Алайда, аймақ аумағында ешқандай ірі өрт тіркелген жоқ. «Казгидромет» РМК өңірді басқан иіс пен түтінге қарамастан, ауадағы зиянды заттардың концентрациясының артуын тіркеген жоқ.

Белгілі болғандай, иістің себебі Астрахань облысында орналасқан қорық аймағындағы үлкен өрттен болған.

«Астрахань 24» мәліметтері бойынша, Зюдев аралында адамның кінәсінен ауқымды өрт туындаған.

«Аралдың аумағы толығымен жанып кетті деп айтуға болады. Жақында Зюдевтің оңтүстігіне қарай көршілес аралдарда тағы екі өрт шықты. Аралда ағаш өсімдіктері жоқ және осы кезеңде құстардың ұя салуы аяқталды. Сондықтан, ормандарға да, құстарға да зиян келтірілмеген. Арал адам мен техника үшін өтпейтін қамыс бекінісімен жабылған», делінген биосфералық қорықтың баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.


Көзі: Yunews.kz