Қызылорда прокуратурасы сумен жабдықтау тарифін төмендетуге қол жеткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда прокуратурасы сумен жабдықтау тарифін төмендетуге қол жеткізді

444

Smiley face

Қызылорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мониторинг барысында қадағалау ведомствосы «Қызылорда су жүйесі» МКК амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады. Нәтижесінде кәсіпорын 140 миллион теңгеден астам табыс тапты.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өтемақы тарифін енгізді. Ал сарқынды суларды төгу және тазалау қызметінің құны 1 текше метрге 79,51 теңгеден 68,78 теңгеге дейін төмендетілді. 73 676 азаматтың құқықтары қорғалды», деп хабарлайды Қызылорда прокуратурасының баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz