Шығыс Қазақстан облысында қаскөйлер тобы электр құралдарын ұрлап кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында қаскөйлер тобы электр құралдарын ұрлап кеткен

444

Smiley face

Глубокое ауданының полицейлері Өскемен қаласының суық қолды үш тұрғынын ұстады.

«Зиянкестер пластикалық терезелерді қысу, аспалы құлыпты бұзу арқылы немесе қандай да бір кедергілердің жоқтығын пайдаланып, үй аумағына заңсыз кіріп, шаруашылық құрылыстарға, дәлірек айтқанда гараждар мен моншаларға кіріп, электр құралдарын ұрлап кеткен», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта олардың осындай 32 фактіге қатыстылығы анықталды. Ұрлық негізінен Глубокое ауданының 17 елді мекенінде жасалған. Зиянкестердің мақсаты көбінесе электр құралдарын олжалау болды. Жалпы келтірілген шығын 3,4 миллион теңгеден асады.

Тергеу жалғасуда, күдіктілер қамауға алынды.


Көзі: Yunews.kz