Қостанай облысының жолдарын тексеру барысында кемшіліктер анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысының жолдарын тексеру барысында кемшіліктер анықталды

444

Smiley face

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК қоғам белсенділерімен және журналистермен бірлесіп, Қостанай облысындағы «Федоров – Первомайское» жолында жөндеу жұмыстарының сапасына тексеру жүргізді. Шара барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директорының орынбасары Дархан Сақанов қоғам және БАҚ өкілдерімен бірге аудандық маңызы бар «Федоровка – Первомайское» 0-34 км автожолына барды. Қостанай облысы бойынша Жол активтерінің сапа ұлттық орталығы филиалының қызметкерлері іріктеу жүргізді

Филиал 2018 жылдың қазан айында және 2019 жылдың қыркүйегінде осы объектіде орындалған жұмыстардың сапасына сараптама жүргізді. Осы жөндеу бойынша тапсырыс беруші «Федоров ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ болып табылады, мердігер – «CK LiderPlus» ЖШС, іске асыру мерзімі - 2018-2020 жж., Объектінің жалпы сметалық құны - 907 637 092 теңге.

2018 жылы инспекцияның қорытындысы бойынша 14 бұзушылық анықталды. Филиалдың зертханасында 9 сынама (ыстық ұсақ түйіршікті тығыз асфальт-бетонды қоспадан жасалған керндер) іріктеліп алынды және сыналды. Барлық сынамалар суға қанықтыру және тығыздау коэффициенті бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына жауап бермейді. Осы сәйкессіздіктер бойынша ақпарат уәкілетті органдарға жіберілді.

2019 жылы тексеру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, Тапсырыс беруші мен мердігердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылды.  Сараптама барысында 3 сынама алынды (ыстық ұсақ түйіршікті тығыз асфальт-бетонды қоспадан таспа), 3 сынама нығыздау коэффициенті бойынша және суға қанықтыру бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейді. Барлық бұзушылық фактілері бойынша хаттар тапсырыс берушінің, мердігердің атына және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою үшін жіберілді. Бүгінгі күнге дейін филиалдың атына ақаулар мен ескертулер түскен жоқ, деп хабарлайды «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz