Пара бергені және алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Пара бергені және алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы Жауапты хатшысы, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры және «Қазақпарат» баспа корпорациясы» ЖШС Президенті пара бергені және алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы Жауапты хатшысы Уәлиевке, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Дәржібаевқа, «Қазақпарат» баспа корпорациясы» ЖШС Президенті Ботбайға қатысты ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Уәлиев және Дәржібаев әдебиеті діни тақырыптағы кітаптарды мемлекеттік сатып алу бойынша баспамен шарт жасауға жалпы қамқорлығы үшін «Қазақпарат» баспа корпорациясы» ЖШС Президенті Қонысбек Ботбайдан 37 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының №2 сотының үкімімен Уәлиев пен Дәржібаев 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен Қонысбек Ботбайды 7 жылға бас бостандығынан шектеуге үкім шығарылды.


Көзі: Yunews.kz