Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды

444

Smiley face

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорына қатысты жүйелі негізде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол кәсіпкерлерден 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алу фактісіне, «Өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша несие алуға көмек көрсеткені үшін күдіктенеді.

Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау кінәні мойындауға және күдіктінің және оның қорғаушысының процессуалдық келісім туралы мәлімдемесіне байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Көзі: Yunews.kz