Қостанай полицейі пойыздың астына түспек болған әйелді құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай полицейі пойыздың астына түспек болған әйелді құтқарды

444

Smiley face

Фото ДП Костанайской области

Қостанай қаласы Полиция Басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері Леонид Бот кезекшілік барысында пойыз астына түсіп, өз өмірін қимақ болған әйелді құтқарды.

Тәртіп сақшысы шамамен таңғы сағат 4:00 шамасында Узкоколейный көшесімен өтіп бара жатып, темір жол бойында бір әйелдің жатқанын, оны бір басқа әйел тартып алуға тырысқанын байқады. Бұл ретте рельсте жатқан әйел өмір сүргісі келмейтінін айтып, жан-жақты қарсылық білдіруде.

Осы уақытта жақындап келе жатқан пойыздың дыбысы естілді. Полиция қызметкері жағдайды бағалап, көлігінен дереу шығып, көмекке ұмтылады.

Әйелді қолынан ұстап, орнынан көтеріп, рельс арасынан алып шығады. Майор Бот облыс орталығының тұрғынын қауіпсіз жерге апарып, қос әйелді тыныштандыруға тырысқан.

Бұл ретте суицид жасамақ болған әйелдің құрбысы полиция қызметкеріне алғысын айтып, дер шағында тап болғанын атап өткен. Себебі егер ол болмаса, бұл жағдай қалай аяқталатынын кім білсін.

- Менің тәжірибемде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Ең бастысы, не істеу керек екенін тез арада шештім. Әрине, біздің қызметте ерекше назар аударылатын физикалық қабілет көмектесті, - дейді Леонид Бот.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алдын алған жалғыз оқиға емес. Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Рудный қаласы ПБ қызметкерлері аға сержант Қанат Уәлиев пен полиция лейтенанты Жәнібек Ғалымханов қаланың тұрғын үйлерінің кіреберісіндегі өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарған болатын.


Көзі: Yunews.kz