Ә.Ш.Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ә.Ш.Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы

444

Smiley face
Фото пресс-секретарь Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭГПР МЗ РК Салкен Дилдахмет
 
«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қазан № 196».

2019 жылғы 25 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында рейдтік шара жүргізу кезінде браконьерлерді қуу нәтижесінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторы қайтыс болды.
Көліктің аударылу себебінен жазатайым оқиға орын алды.


Көзі: Yunews.kz