Түрік компаниялары Қазақстанда МЖӘ саласында белсенді жұмысты жалғастыруда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түрік компаниялары Қазақстанда МЖӘ саласында белсенді жұмысты жалғастыруда

444

Smiley face

Фото Гаухар Бисарина, ҚР ДСМ баспасөз қызметінің жетекшісі

Стамбул қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Диалог барысында тараптар фармация, инвестиция және денсаулық сақтаудағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған бірлескен Жол картасын талқылады. Министрлер 2019 жылы 11 қарашада Анкара қаласында өтетін үкіметаралық комиссия жұмысының аясында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге келісті.

Е.Біртанов аталған сапар аясында өткізілген кездесулерді атап өтіп, МЖӘ, медициналық ұйымдардың құрылысы саласында жұмыс істейтін түрік компанияларымен, сондай-ақ генетика және биотехнология саласындағы ғалымдармен ынтымақтастықты жандандыру ниеті туралы айтты. Министр Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін түрік инвесторларының маңызды рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов өз әріптесіне Көкшетау қаласын заманауи медициналық орталық салу бойынша бірлескен қазақстандық-түрік МЖӘ жобасын жүзеге асыру үшін платформа ретінде қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Фахреттин Коджа Елжан Біртановқа сапары үшін алғысын білдіріп, қазақ және түрік халықтарының тығыз тарихи байланысын және денсаулық сақтау саласын дамытудың стратегиялық көзқарасын атап өтті.


Көзі: Yunews.kz