Бакуда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бакуда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Әзірбайжанда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аяқталды. Тараптар 2019 жылға қорытынды жасап, 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарастырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Осы отырысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан Қорғаныс министрлері және Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қатысты. Қатысушылар 2025 жылға дейінгі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың біріккен жүйесін дамыту бағыттарын, нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ білім беру, топографиялық салада, бірлескен іс-шараларды өткізу және ақпараттық жариялауда өзара іс-қимылды одан әрі дамыту.

Қазақстан үшін ТМД форматындағы әскери ынтымақтастықтың негізгі мақсаты қорғаныс, әскери қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды қолдау және қатысушы мемлекеттердің тұрақты дамуы болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс министрлерінің кеңесі кезекті жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешенін бекітті, сондай-ақ оның одан әрі жұмыс істеуінің қаржылық аспектілерін және әуе-ғарыш қорғанысы міндеттерін шешуге бейімделуді келісті. Бағдарлама аясында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысушыларды қабылдады. Сондай-ақ "Мәңгілік алау" монументіне гүл шоғы қойылды.


Көзі: Yunews.kz