Елордалық полиция түрлі-түсті металл қабылдау орындарын тексеруде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық полиция түрлі-түсті металл қабылдау орындарын тексеруде

444

Smiley face

«Алматы» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, қара және түсті металл және басқа да бағалы қ/б материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттердің жұмысын пысықтау бойынша тұрақты түрде жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізеді. Қабылдау пункттерін күнделікті аралау барысында, "Алматы» ауданының ПБ қызметкерлері қабылдау пункттерінің иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Сонымен қатар, 30 қазандағы рейд кезінде Жұмабаев көшесінде орналасқан темір қабылдау орнында   қуатты кабельдер анықталып, тәркіленді. Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде.

Іс-шараны өткізу кезінде, ұрланған түсті металлдарды сатып алуға жол бермеу туралы профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.


Көзі: Yunews.kz