Юсуп Батырмурзаев жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Юсуп Батырмурзаев жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

444

Smiley face

Фото olympic.kz

Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дүниежүзілік біріншіліктің жұбаныш белдесуінде Батырмурзаев Молдова спортшысы Самхана Джабраиловадан басым түсті. Кіші финалда ол грузиялық күрес шебері Зурико Урташвилиді 13:2 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, дәл осы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан Адлан Асқаров ел қоржынына күміс жүлдені салған болатын.


Көзі: Yunews.kz