Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы ашылды

444

Smiley face
 
Қазақ кино апталығының салтанатты ашылуы Лондонның ең танымал кинотеатрларының бірі – Лестер-сквердегі «Vue West End» кинотеатрында өтті. Мәдени іс-шараны режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі ашты. Шетелдік көрерменге фильмді белгілі кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, картинаның сценарий авторы Нұрлан Санжар ұсынды.

Салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов кино апталығының бағдарламасы шетелдік көрермендерге отандық кинематографияның байлығы мен жан-жақтылығын ашып, Қазақстанның тарихымен, мәдениеті және дәстүрімен терең танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Smiley face

- Көрермендер фильмді өте жақсы қабылдады. Көрсетілім кезінде жылаған көрермендер де болды. Қазақ киносы сонау Англияда көрсетіліп, халықтың көңілдерінен шығып жатқанына өте қуаныштымын. Осындай мерекелер көп болсын, - деді Нұрлан Санжар.

Көрсетілімнен кейін сценарист Н.Санжар және «Қазақстандағы фильм және бірегейлік: Орталық Азиядағы кеңестік және посткеңестік мәдениет» кітабының авторы, Линкольн университетінің саясаттану доценті доктор Рико Айзекстің қатысуымен пікірталас өтті.

Қазақ киносының апталығы «Рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.


Көзі: Yunews.kz