Қызылорда облысында "Протон" оқу-жаттығулары өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда облысында "Протон" оқу-жаттығулары өтеді

444

Smiley face

Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың апатқа ұшырауына байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша "Протон " Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

"Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының зымыран-тасығыштардың апаттарына байланысты ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы және өзара іс-қимыл деңгейі анықталады", - делінген Комитеттің таратылған баспасөз хабарламасында.

Оқу-жаттығуларды үйлестіру және басқару жөніндегі штаб Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық орталығында орналасады.

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері қатысады.

Оқу-жаттығу теориялық, практикалық мәселелерді пысықтау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы екі кезеңде өткізіледі.


Көзі: Yunews.kz