Павлодар нан-тоқаш комбинаты нанның сатылым бағасын төмендетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар нан-тоқаш комбинаты нанның сатылым бағасын төмендетті

444

Smiley face

Бұл туралы кәсіпорынның басшысы Виталий Сартаков қол қойып, Павлодар қаласының әкімдігіне жолдаған хаттан белгілі болды. Хатта 22 қазаннан бастап комбинаттың бірінші сұрыпты ұнға деген тәуліктік қажеттілігі 10 тонна болса, ол қазіргі кезде толық өтелетіндігі туралы айтылған. Кәсіпорынға  ұн сататын «Агро-Даму» ЖШСі ұнның бағасын бір деңгейде ұстап тұр. Яғни, комбинат ұнның бір келісін 95 теңгеден сатып алады.

– Жоғарыда аталғанға байланысты, сонда-ақ, «Агро-Даму» ЖШС-і алдағы уақытта ұнның сатылым бағасын бір дейгейде сақтап, біздің ұнға деген тәуліктік қажеттілігімізді өтеп отырады деген сеніммен Тау-нанның бір бөлкесін 95 теңгеден сату туралы шешім қабылдадық, – деп жазады комбинат басшысы.

Еске салайық, қазан айының ортасында нан-тоқаш комбинатында бірінші сұрыпты нанның сатылым бағасын көтерілген еді. Дүкендер комбинаттан жеткізілген нанды 105 теңгеден сатып алуға мәжбүр болды. Кәсіпорын басшылығы нанның бағасының қымбаттауын ұнның бағасының өсуімен байланыстырды.


Көзі: Yunews.kz