Соғым көліктен құнды! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Соғым көліктен құнды!

444

Smiley faceФото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бүгін түнде "Қыран-39" патрульдік автокөлігінің экипажы Өскемен қаласының орталығында жолдың бойында тұрған автомашинадағы күдікті іс-қимылдарды байқады. Келіп жеткен полиция машинасын көріп, автокөлік салонынан шыққан ер адам қашып кетпек болды, бірақ полиция инспекторлары оны ұстап алды.

"Тексеру барысында күдіктінің мас күйінде автокөлікті айдап әкетуге оқталғаны анықталды. Автокөліктің оң жақ бүйір терезесін сындырып салонға кірген қаскүнем ол жерде сойылған ірі қара малдың етін көреді. Етті ұрламақшы болып көліктен түсіріп жатқанда оны құқық қорғау қызметкерлері байқап қалды",-деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осылайша, "Қыран-39" экипажы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында көлікті айдап әкетіп, бөтен мүлікті ұрлауға әрекет жасаған 27 жастағы күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 24 және 188-баптары ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Көзі: Yunews.kz