Қостанай облысында браконьерлік және ағаштарды жою фактілері анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысында браконьерлік және ағаштарды жою фактілері анықталды

444

Smiley face

Фото ДП Костанайской области

Қостанай облысында 2019 жылдың 5-31 қазан аралығында "Браконьер" операциясы жүргізілді.

Іс-шараны өткізу барысында аймақта полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау ұйымдарынан 59 мобильдік топ құрылды. Қызметкерлер аңшылық жерлерінде, су айдындарында және орман алқаптарында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу және анықтау бойынша 1590-нан астам рейдтік іс-шара өткізді.

Полиция қызметкерлерімен 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде екі ҚР ҚК 337 бабы бойынша (заңсыз аң аулау) және екі ҚР ҚК 340 бабы бойынша (заңсыз ағаш кесу).

Қостанай ауданының Лиманное ауылының маңында полиция қызметкерлері "ВАЗ 2121" автокөлігін тоқтатқан. Автомобиль жүк салғышын тексеру кезінде екі Сібір елігі және үш тіркелген мылтық табылды. Белгілі болғандай, жолаушылардың біреуі заңсыз екі елікті атып алған.

Заңсыз аң аулаудың басқа фактісі Қамысты ауданында тіркелген. Талдыкөл ауылынан 10 шақырым жерде Рудный қаласының екі тұрғыны ұсталды. Аң аулайтын шаруашылықта жүрген аңшылар 7 қаз атқан, олардың бірі Қызыл кітапқа енгізілген "Пискулька" тұқымы.

Меңдіқара және Қостанай аудандарында қайың және терек ағаштарын кесудің заңсыз фактілері тіркелген. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, полицейлер 121 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 72 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 23 балықшы, сондай-ақ 26 аңшы қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлік жайт, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 700 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді.


Көзі: Yunews.kz