Павлодарлық үш баланың анасын өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарлық үш баланың анасын өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқарды

444

Smiley face
 

30 қазан күні сағат 17.35-те "ШЕП" БП-де кезекші полиция қызметкерлеріне Бауыржан Маулимбергенов жүгінді, жүргізуші белгісіз әйел көпірден секіргісі келгенін хабарлады.

- Мен өз шаруаларыммен Ленин ауылына бардым, шамамен сағат 17.30 - да қалаға оралдым,- дейді Бауыржан. Павлодарға қарай бара жатқан кезде, автокөлік көпірінің сүйенішінен асып түскісі келген әйелді байқадым. Сосын оның артқа кетіп өзінің ұзын күртесін шеше бастағанын көрдім. Оның ниетін түсініп, мен бірден тоқтап, сол жаққа жүгірдім. Мен оған жүгіріп жеткен кезде, әйел көпірдің сүйенішінде отырып, секірмекші балған. Бірер секунд қана, мен жүгіріп келіп, арт жағынан мойнынан қысып, жерге түсірдім. Одан алкоголь иісін сездім. Әйел жылап, өмірінің қиындығына, шаршағанына шағымданды. Шамам келгенше оны сабырға шақырып, содан кейін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырып, үйіме кеттім – деді өз сөзінде Бауыржан.

Бауыржанның адамгершілігі, біреудің жағдайына селсоқ қарамауы арқасында әйел аман қалды.

Smiley face

Кейін 30 жастағы павлодарлық әйелдің үш кәмелетке толмаған баласы бар екені, сол күні өз туыстарымен ұрысысып қалып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны анықталды. Әйел алкогольдік мас күйде болды.

Бауыржан Маулимбергенов 45 жаста, ол жүргізуші, өзін батыр деп санамайды, оның орнында әркім осындай әрекет жасайды деп санайды.

Өз кезегінде, облыс Полиция департаментінің басшылығы үш баланың анасын құтқарған батырды марапаттау туралы бұйрық дайындауда.


Көзі: Yunews.kz