Грузиялық сарапшылар еліміздің ХҚО жұмысымен танысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Грузиялық сарапшылар еліміздің ХҚО жұмысымен танысты

444

Smiley face

 

Грузияның әлеуметтік қызмет көрсету агенттігі мен зейнетақы агенттігінің өкілдері Нұр-Сұлтандағы ХҚО мен цифрлық орталығында болып, әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін қызметтер ретімен танысты.

Қонақтарға еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлері жайлы мағлұмат беріліп, тұрғындардың жәрдемақылар мен зейнетақыны қалай рәсімдейтіні туралы айтылды. Өз кезегінде, қонақтар Қазақстанның ХҚО қызметін жоғары бағалап, елдерінде де әлеуметтік қызметтердің бір жерден көрсетілуін көздейтін фронт-офистерді құрғысы келетінін айтты.

«Әлеуметтік қызмет көрсету агенттігі жұмыспен қамту, босқындар мәселесі, дәрі-дәрмекпен қамту, әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарды қарастырады. Бұлардың барлығына қатысты қызметтерді грузиялықтар бір орталықтан алады. Бірақ Қазақстандағыдай құжаттарды қабылдайтын фронт-офистер жоқ. Сіздерден үйренеріміз көп», – деп айтып өтті Грузияның әлеуметтік қызмет көрсету агенттігінің орынбасары Леван Гогодзе.

Атап өтетіні, Грузияда зейнеткерлікке шығу үшін азаматтар құжаттарын Зейнетақы агенттігіне барып тапсырады. Бүгінде олар бұл қызметті әлеуметтік қызметтермен бірге бір орталықтан алатындай етуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, Қазақстанның қызмет көрсету үлгісінің артықшылықтары көп деп атап өтті грузиялық делегация өкілдері.

Айта кетейік, бүгінде Грузияда әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыға қатысты қызметтер әр түрлі органдарда көрсетіледі, ал жеке басты құжаттандыру қызметтерін тұрғындар қазақстандық ХҚО-ға ұқсас «Әділет үйінен» алады.


Көзі: Yunews.kz