Жануарлармен шатастырған ба? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жануарлармен шатастырған ба?

444

Smiley face

Оқиғаға себеп - ауызша туындаған жанжал. Алайда, даудың неден шыққаны белгісіз. Ол облыс орталығы мен ауыл тұрғыны арасында орын алған. Бір кезде қала тұрғыны қойнынан пиротехникалық құрал суырып алып шыққан. Оның патрондары агрессивті жануарларды үркітуге арналған. Ол осы оқпен сол жерде қарсыласы болған ауыл тұрғынын атқан.

Оқиға орнына келген полиция ақтөбелік азаматты зардап шегушінің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген деп есептейді. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пиротехникалық зат тәркіленді, қаскүнемнен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Көзі: Yunews.kz