Солтүстік Қазақстан облысында бір әйел адам 30 жыл құжатсыз өмір сүрген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында бір әйел адам 30 жыл құжатсыз өмір сүрген

444

Smiley face

Қарақоға ауылының тұрғыны Диана Пиданова облыстық полиция ведомствосының бастығы Марат Төлебаевтың атына хат жазып, аудандық бөлім қызметкерлеріне алғыс білдірді. Белгілі болғандай, 30 жастағы әйел туғалы құжатсыз өмір сүріп келген. Себебі онда туу туралы ешқандай мәлімет болмаған. Қазақстанның азаматтығын құжаттау және растау үшін оған әкесін анықтау қажет болды, ол үшін қымбат генетикалық сараптама жүргізу қажет болған. Облыстық көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроға жүгінді.

Аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері Возвышенки ауылының тұрғынына да азаматтықты растау үшін көмек көрсетті. Көзінен кемтар мүгедек азамат 1974 жылғы үлгідегі паспортпен тұрып келген. Соқыр ер адам өзі құжаттандыру үшін тиісті органдарға өтініш жасай алмады. Барлық қажетті сұраныстарды жасап, полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетті. Енді ер адам өзінің соңғы үлгідегі жеке куәлігін алатын болады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңға жуық адам құжатталды. Олардың 127-і әртүрлі себептермен құжаттарды ұзақ уақыт ала алмай келген.


Көзі: Yunews.kz