«Барыс» төрт матч қатарынан жеңіліп қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Барыс» төрт матч қатарынан жеңіліп қалды

444

Smiley face

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының матчында «Автомобилист» (Екатеринбург) командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды хоккей клубының сайты.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, овертаймда 4:3 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.

Бірінші үзіліске командалар 0:1 есебімен – «Автомобилист» хоккейшілері жеңісімен шықты. 26-шы минутта Егор Шалапов есепті теңестірді. Екінші кезеңнің шымылдығы жабылар сәтте қонақтар тағы да бір гол салды. Үшінші кезеңде  Аркадий Шестаков гол салып, есеп 2:2 болды. 50-ші минутта Павел Дацюк Хенрик Карлссонның қақпасына гол салды. Бірақ, алты минут өткен соң қазақстандық капитан Даррен Диц тағы да таразы басын теңестірнді. Нәтижесінде командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Ал овертаймның басында «Автомобилист» командасы гол салып, жеңіске жетті.

Келесі матчты елордалық команда өзінің мұз айдынында сенбі, 2 қараша күні «ЦСКА»-ға қарсы өткізеді.


Көзі: Yunews.kz