Ресейде ер адам балабақшаға кіріп, баланы пышақтап тастады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ресейде ер адам балабақшаға кіріп, баланы пышақтап тастады

444

Smiley face

Ресейдің Нарьян-Маре қаласында есірткі қолданған ер адам алты жасар баланы балабақшада пышақтап тастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға 31 Қазанда «Сказка» балабақшасында орын алды. Өлімнің құрбаны алты жасар Кирилл Савенков болды. Қазір ұсталған 36 жастағы Денис Поздеев балабақшаға тыныш сағат кезінде кіріп, ұйықтап жатқан баланың мойнынан пышақпен ұрған, одан бала оқиға орнында қайтыс болған.

Оқиға орнында полиция, психологтар және шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.

Сұмдық факті бойынша балабақша қызметкерлеріне қатысты «Салақтық» және «Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, Денис Поздеев наркологта 2016 жылдан бері емделген. Ол балабақшаға галлюцинацияға байланысты барған.

РИА Новости хабарлағандай, Ненецк автономиялық округінің губернаторы Александр Цыбульский, бала-бақшаның күзетшісіне есік ашып, ол бөтен адам болса да, күзетші оны балабақша аумағына кіргізіп жіберген.


Көзі: Yunews.kz