Жылы күндердің орнына суық келе жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жылы күндердің орнына суық келе жатыр

444

Smiley faceФото sputnik.kz

 

Қараша айының бірінші күні Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметі.

Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады, ал оңтүстікте күн күркірейді.

Нұр-Сұлтан қаласында жұма күні күн суытады: күндіз +9 болады, түнде температура нөлге дейін төмендейді. Күндіз жаңбыр жауады, көшпелі бұлт шығады.

Алматыда күн ашық болады, күндіз +16, түнде +12.

Шымкентте күн жылы, бірақ жаңбырлы болады, + 16, + 11 градус.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, дауылды жел соғады.

Павлодар облысында таңертең және күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м / с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қарағанды облысында тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Көзі: Yunews.kz